Теннис • 21 Қыркүйек, 2022

Александр Бублик Франциядағы турнирді сәтті бастады

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші айналым матчында Қазақстанның үздік теннисшісі Франция өкілі Эван Фернесспен кездесті. Матч 5-7, 6-4, 7-6 (7-5) есебімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик Франциядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Метцте (Франция) ATP 250 сериясындағы турнирдің екінші айналымына өтті.

2 сағат 31 минутқа созылған матч отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін Бублик Мец қаласындағы (Франция) ATP турнирінде итальяндық спортшы Лоренцо Музеттимен жұптасып, екі сетте Филипп Освалдо мен Робин Хаасты 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңді.