Пікір • 22 Қыркүйек, 2022

Даму мүддесіне топтасу

1305 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қоғам мен мемлекет үшін үлкен және маңызды мақсаттар мен міндеттерге бағытталған жаңа үміт пен бағдарға толы сайлау 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Оның басты мақсаты – қоғамның саяси жүйесін қайта жаң­ғыр­ту.

Даму мүддесіне топтасу

Жаңа уақыт жедел шаралар қабылдауды талап етеді. Күн тәртібінде түрлі шара бар, олардың миссиясын білу үшін биылғы жазда конституциялық түзетулер топтамасын қабылдау бо­йынша референдум өткізумен бірге біздің еліміз кірген қо­ғам­дық-саяси және әлеуметтік-экономикалық шындықты мақ­сатты түрде негізге алу жет­кі­лікті. Бұл – жүргізіліп жатқан ре­фор­малардың, атап айтқанда, ке­зектен тыс президенттік сай­лаудың мәні.

Сонымен бірге сайлау күнін белгілеумен жыл басында сарапшылар қауымдастығының өкілдері болжаған өзгерістерді күту артып келеді. Биылғы пре­зиденттік сайлаудың ық­тимал­дылығы, келесі жылы пар­ламенттік сайлаудың өткізілуі талқыланған. Тұтастай алғанда, саяси реформалардың үлкен пакетін одан әрі іске асы­руға бағытталған саяси про­цес­тер­ді күшейту сценарийі жос­парланған.

Бұл ретте қазіргі саяси маусым Қазақстанның тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін айқын пайымы мен неғұрлым орнықты саяси модель қалыптастыру ниеті бар, саясатта сахнадан тыс ойынсыз, елде жаңа саяси дәстүрді кеңінен таратудан басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Әділетті Қазақстанды құру жо­­лын­дағы кешенді реформа­лар­ды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім ман­даты қажет. Бұл – алдағы Президент сайлауының квинтэс­сенциясы. Олар саяси үдеріске серпін бе­ріп қана қоймай, нәтижелері келесі жылы айқын болатын қазіргі билік үшін де сын-қатер болмақ. Әзірше Қазақстанға қоғамның саяси күштерін топтастыру, бірлік пен өзара түсі­ністік және азаматтық қоғам мен биліктің жаңа деңгейге шығуы қажет.

Мемлекетімізді сақтау, тәуел­сіз­дігімізді баянды ету Әділетті Қазақстан құруды талап етіп отыр. Тек әділетті қоғамда ха­лық билік органдарына сенеді. Әділеттілік дегеніміз – былай қарағанда күрделі ұғым болып көрінгенімен, шын мәнінде заң алдында баршаның теңдігі, әлсіздерге қамқорлық. Қо­ғам өмірінің барлық саласы заң­мен, құқықтық нормалармен реттелетін мемлекет – әділетті мемлекет.

Бай мен кедей аражігінің шектен тыс алшақтауы, әлеуметтік әділетсіздік, заңсыздықтың етек алуы, жоғарыдағылардың төмендегілерді естімеуі, қоғам игілігіне, ел болашағына қызмет ететін бастамалардың аяқасты болуы, ұлттық мәселелердің тасада қалуы секілді келеңсіздіктер қарапайым азаматтардың билік органдарына деген сеніміне селкеу түсірді. Рас, Қазақстанда жақсы заңдар, керемет бағдар­ламалар бұған дейін де болды. Бірақ толыққанды іске асы­рылмағаны белгілі. Өйткені шешім қабылдайтын орындарда отырған кейбір тұл­ғалар әділеттілік пен адалдық қағидатын басшылыққа алуды ұмытты.

Президенттік сайлауға екі ай қалды, міндеттер ауқымы анықталды, сайлау науқаны бас­талды. Іске сәт!

 

Мұхит АСАНБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері