Оқиға • 22 Қыркүйек, 2022

Алматыда қару-жарақ сатпақшы болған ер адам ұсталды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ер адам Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған. Бұл мәмілені қалалық прокуратураның келісімімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда қару-жарақ сатпақшы болған ер адам ұсталды

– Арнайы іс-шара барысында қару-жарақ сатумен айналысты деген күдікпен 42 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Ол 5,6 мм патрондарды, атуға жарамды АК-74 автоматын сатты. Қару-жарақтың нөмірі жойылған, бұл оны анықтауды қиындату үшін әдейі жасалды деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша атыс қаруының қайдан алынғандығы және кімдікі екендігі анықталатын болады, – деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев. 

Күдікті өз ісін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.