Хоккей • 22 Қыркүйек, 2022

Хоккейден Қазақстан құрамасы Кремль кубогына қатысады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық хоккейшілер 15-18 желтоқсан аралығында Мәскеуде өтетін Кремль кубогы-2022 халықаралық турниріне шақыру алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейден Қазақстан құрамасы Кремль кубогына қатысады

Бұл туралы Ресей хоккей федерациясының бірінші вице‑президенті және ХК СКА бас бапкері Роман Ротенберг хабарлады.

«Желтоқсан айында аңыздар паркінің аренасында өтетін хоккей турниріне 4 команда қатысады. Олар: Ресей, Беларусь және Қазақстан құрамалары», деді Роман Ротенберг.

Айта кетсек, Кремль кубогі 1967 жылдан бастап жыл сайын желтоқсанның екінші жартысында өткізіледі.

Кремль кубогының қазіргі жеңімпазы - Финляндия құрамасы.