Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2022

Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы жатақханалардың бірінде колледждің бірінші курс студенті қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды

22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігіттің кеудесіне, ал екіншісі иығына соққы тигізген. Студент жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін көз жұмған.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби АІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.