Әлем • 23 Қыркүйек, 2022

Геосаяси қайшылықтар күшейіп тұр

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас Ас­сам­б­леясы 77-сес­сия­сының жалпы дебатында сөз сөйлеген Қ.Тоқаев ең алдымен Чаба Кёрёшиді 77-сессияның төрағасы болып сайлануымен құттықтады.

Геосаяси қайшылықтар күшейіп тұр

 

Содан кейін Қазақстан Президенті «Әлем геосаяси қайшылықтар күшейіп келе жатқан жаңа кезеңге қадам бас­ты. Тәртіп пен жауапкершілікке негізделген әрі бұрын қалыптасқан халықаралық жүйенің орнын берекесіздік пен болжауға келмейтін ахуал биледі. Әлемдік алпауыттар арасындағы өзара сенімсіздік жылдам арта түсті. Әлем жаңа әскери қақтығыс ошақтарының құрбанына айналды. Біз екі буыннан кейін алғаш рет ядролық қарудың қолданылу қаупімен бетпе-бет келдік», деп мәлімдеме жасады.

Қ.Тоқаев сондай-ақ БҰҰ алдағы сын-қатерлерге және туындайтын мүмкіндіктерге дайын болуға тиіс екенін айтып, келесі жылы Ұйымға мүше мемлекеттер министрлерінің кездесуі аясында өтетін консультацияларға қатысуды, сондай-ақ 2024 жылы Бола­шақ саммитін асыға күтетінін жеткізді.