Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады. Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қарашадағы Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.
Еуропалық комиссияның басшысы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.