Әлем • 23 Қыркүйек, 2022

Ірі кәсіпкерлермен кездесті

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев АҚШ-тың іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, Нью-Йоркте Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.

Ірі кәсіпкерлермен кездесті

Қ.Тоқаев кездесуде Әділетті Қазақ­­стан құруға бағытталған ауқым­ды саяси және экономикалық реформа­лар­дың жүзеге асырылуы туралы мәлім­­деді. Атап айтқанда, ол энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-ло­гистика, цифрландыру, қаржы және жаңартылатын энергия көз­дері сала­ларындағы бірлескен инвес­ти­циялық жобаларды іске асыру мүмк­індіктерін айтты. Сондай-ақ Тоқаев Қазақстанда АҚШ-тың жаңа ірі кәсіп­орындарының құрылуына қолдау білдірді.