
Қ.Тоқаев Қазақстан басшысы болғалы елдегі ең төменгі жалақыны 17 пайызға өсіретінін жариялап, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің жартысын 18 жасқа толмағандардың оқу ақысын төлеуге немесе үй сатып алуға пайдалана алатын жеке шоттарына бағыттауды жоспарлап отырғанын айтты. Сөйтіп халықтың әлеуметтік жағдайын көтермек. Бұл оның кезектен тыс сайлауда жеңіске жетуіне ықпал етуі әбден мүмкін.