Бұл оқу-жаттығуға Қостанай облысының аумақтық қорғаныс құрамасында есепте тұрған әскери міндеттілер шақырылды. Оларға жауынгерлік оқудың негізгі пәндері бойынша сабақ өткізіледі.
Екі кезеңде өтетін оқу-жаттығудың белсенді фазасы 21 қыркүйекте басталады. Мемлекеттік органдар мен күштік ведомстволардың өкілдері бес күн бойы «Бекет-2022» оқу-жаттығуының бекітілген жоспары бойынша дағдарыстық жағдайды еңсерудің және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың түрлі сценарийлерін пысықтайды.
Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледі. Ол жайлы жергілікті тұрғындарға қосымша хабарланады.