Футбол • 23 Қыркүйек, 2022

Магомед Адиев Беларусьпен болған матчты қорытындылады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттар лигасы аясында Бела­русь құрамасын қабылдаған жерлестеріміз қарсыластарын 2:1 есебі­мен ұтты. Матчтан кейін ұлттық құраманы жаттықтыратын бас бапкер Магомед Адиев пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Магомед Адиев Беларусьпен болған матчты қорытындылады

«Ең алдымен сіздерге қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды айтқым келеді. Соңғы үш ай ішінде жылы лебіздеріңізді естіп, марқайып қалдым. Мұндай жағдай менің өмірімде алғаш рет болып отыр. Бұл ертегінің аяқталмауын және алдағы уақытта да «Астана Аренаның» дәл осылай толып, бүгінгідей қолдау көрсеткенін қалаймын. Ал мен өз кезегімде, сіздерді жігіттер болашақтағы ойындардың бәрінде жүрекпен ойнайды деп сендіргім келеді. Стадиондағы атмосфера үшін айтар алғысым шексіз», деді ол.

Сондай-ақ ол ойын барысында футболшыларды жеңіске қалай жетелегенін де айтты.

«Бірінші тайм шиеленіске толы болды. Ойынға арналған жоспарымыздың іске аспай жатқан тұстары да болды. Сондықтан екінші таймда бұл жоспардан сәл ауытқуға тура келді. Ең бастысы, үзіліс кезінде жігіттерді сабырға шақырып, жігерін қайрап жібердік. Екінші таймда жақсы ойнап, лайықты түрде жеңіске жеттік», деді бас бапкер.