Теннис • 23 Қыркүйек, 2022

Бублик ATP 250 Metz турнирінің ширек финалына шықты

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жүлде қоры жарты миллион еуродан асатын Францияның Мец қаласында өткен хардтық турнирде жекелей сында үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бублик ATP 250 Metz турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемнің 51-ракеткасы, Финляндия өкілі Эмиль Руусувуориден басым түсті. Жекпе-жек 2 сағат 14 минутқа созылып, отандасымыздың үш партиядағы жетістігімен аяқталды. Есеп - 6:7, 6:4, 6:3.

Қазір әлемдік рейтингте 44-ші орында тұрған Александр Бублик Мец турнирінің басында жас француз Эван Фурнесті 2,5 сағатта жеңді. Есеп - 5:7, 6:4, 7:6.

Енді Александр Бублик бүгін өтетін ширек финалда 19 жастағы Холгеро Рунемен кездеседі.