Экономика • 23 Қыркүйек, 2022

Qazaq oil: Ұлттық брендке ұмтылыс

334 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Qazaq Oil бренді жанар-жағармай нарығында жақсы беделге ие болып, елімізде кеңінен танымал бола бас­та­ды.

Qazaq oil: Ұлттық брендке ұмтылыс

Осыдан үш жыл бұрын жанармай құю стансалары (ЖМҚС) желісіне жаңа меншік иесі ие болды. Нақты айтсақ, «PetroRetail» ЖШС оны «Қаз­МұнайГаздан» сатып алып, же­лі­ні толы­ғымен жаңғырту, ел бойын­ша үлгі­лі етуді өз алдына мақсат етіп қой­ды.

2020 жылдың басынан бері компания 200 жаңа Qazaq Oil ЖМҚС-ын қайтадан іске қосты. Осылайша, бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС брен­дімен жұмыс істеп келе жат­қан­дар­ды қоса алғанда, желідегі жанармай құю стансаларының саны 381-ге жетті. 2023 жылдың соңына дейін ком­­пания өзінің барлық жанар-жа­ғар­май құю стансаларын жаң­ғыр­туды аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ желі еліміздің ірі қалаларымен қатар шағын елді мекендерді де қамтыған.

Мемлекеттік жекешелендіру бағ­дар­ламасы аясында активті сатып алу процестің барлық қатысушысына пайдалы болғанын атап өткен жөн. ЖМҚС желісін сатудан 163 млн АҚШ долларынан астам мөлшерде қомақты сома алған мемлекет ұтты. «ҚазМұнайГаз» ҰК да ұтты. Тұ­ты­ну­шылар да ұтты: олар көлік­те­ріне сапалы жанармай құйып, кең ассортименттегі тұтыну тауарларын сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Мемлекеттік бюджетке салық түсім­дері де айтарлықтай ұлғайды. Егер 2019 жылы олар шамамен 400 млн теңгені құраса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша компания 9 миллиард теңгеден астам қаржы төледі. Жұмыскерлер саны 3200-ден 4500 қызметкерге дейін көбейді. Олардың жалақысы 3 жылда 57 пайызға көтерілді.

Әлбетте, ҚМГ бренді – беделді, танымал бренд. Алайда компания өз атауы болуын қалады. Сөйтіп, жанармай құю стансаларын Qazaq Oil деп атау туралы шешім қабылданды. Бір жағынан, бұл бастауға оралу: ҚМГ Qazaq Oil желісін дамытудан басталған болатын. Екінші жағынан, бұл елдің өзінің ұлттық ЖМҚС желісі болуына ұмтылыс.

Жаңа брендпен алғашқы жанармай құю стансасы 2020 жылдың қараша айында Астанада ашылды, ал өткен жылдың қыркүйегіне қарай олардың саны 100-ге жетті. Осы оқиғадан тура бір жыл өткен соң Qazaq Oil тағы 100 жанармай құю стансасын ашты. Осылайша, жаңа жанармай стансаларының саны 200-ге жетті. Сөйтіп, жақында Семейде екі жүзінші жанармай құю стансасы іске қосылды.

Осы орайда бір шағын жанармай құю стансасының ребрендингіне 200 млн теңгеге дейін қаражат қажет екенін айта кеткен жөн. Екі жыл ішін­де заем және өз қаражаты есебі­нен ком­пания бұл іске 39,2 млрд теңге ин­вестициялады.

Компанияның бизнесті дамыту стратегиясы қатты өзгеріске ұшырады – ЖМҚС кәдімгі жанар-жағармай құю стансасы болудан қалды. Ол жылы да жайлы дәмхананы, тегін сымсыз желісі бар алаңды және үйге арналған тауарлардың үлкен ассортименті бар дүкенді білдіреді. Клиент қай жанар-жағармай құю стансасында болса да, кофе, хот-дог, сэндвич, круассан, сүзбелі құймақ сатып ала алады – Qazaq Oil-дің өзінің Q-cafe сауда маркасы бар. Жанармай құю кешені алыс жолда жүретін жүк кө­ліктерінің жүргізушілерін, турис­терді, автокөлік жүргізушілерін қы­зық­­тыратын орынға айналды.

Жанармай құю стансаларының географиясы да кеңіді. Олар бұрын ештеңе болмаған жерлерде де пайда болды. Мысалы, Ырғыз кентіндегі Шымкент-Самара, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолдары бойында, Доссор, Рудный, Шетпе, Арал, Сарыағаш, Жайсаң және т.б. елді мекендерде.

Сонымен қатар Qazaq Oil тұ­жырым­дамасының бірі – ұлт­тық біре­гейлікке ұмтылу, яғни Қазақ­стан­ның түрлі қалаларындағы жанар-жағармай құю стансалары ұлттық бренд ретінде қалыптасуда. Мысалы, Щучинскідегі ЖМҚС ұлттық киімдегі қыз бейнеленген әдемі муралмен безендірілген. Жанармай құю стансаларын безендіру үшін қазақстандық суретшілер тартылуда.

Сондай-ақ компания спорттық және қайырымдылық бастамаларын белсенді қолдап келеді. Мысалы, Qazaq Oil – атақты қазақстандық бокс­шы Данияр Елеусінов пен Қазақ­стан­ның үстел теннисі федера­ция­сының демеушілерінің бірі. Компания Қостанай облысында болған ірі өртті жою үшін тегін дизель отынын бөлді, сонымен қатар осы қайғылы оқиға салдарынан зардап шеккендерге 50 млн теңге мөлшерінде қаржылық көмек көрсетті.