Теннис • 23 Қыркүйек, 2022

Новак Джокович Қазақстанға келеді

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Үлкен дулыға» турнирінің 21 мәрте чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың арнайы шақыртуымен Астанада 1-9 қазанда өтетін ATP 500 жарысына қатысу үшін келеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Новак Джокович Қазақстанға келеді

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, сербиялық спортшы 23-25 қыркүйекеті Лондонда өтетін Лэйвер кубогына қатысады, содан кейін елордаға келеді. 

Сонымен қатар Astana Open додасында «Үлкен дулыға» турнирінің әр жылғы чемпиондары: Карлос Алькарас (№1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC) және Энди Маррей (WC) өнер көрсетеді. Сондай-ақ тізімде Стефанос Циципас (№6 АТР), Андрей Рублев (№9 АТР), Хуберт Хуркач (№10 АТР), Янник Синнер (№11 АТР), Феликс Оже-Альяссим (№13 АТР), Диего Шварцман (№17 АТР), Карен Хачанов (№18 АТР), Роберто Баутиста Агут (№21 АТР), Григор Димитров (№23 АТР), Гаэль Монфис (№32 АТР) және басқалар бар.

Жұптық сында да мықты ойыншылар жеткілікті. «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпаздары: Джо Солсбери (1 АТР), Раджив Рам (2 АТР), Нил Скупски (3 АТР), Весли Колхоф (4 АТР), Жан-Жюльен Ройер (5 АТР), Марсело Аревало (6 АТР), Олимпиада чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич   – Мате Павич, колумбиялықтар Роберт Фарах  –  Хуан Себастьян Кабаль кортқа шықпақ.