Іс-шара барысында ислам әлемін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары қаралды. Экономика, сауда, көлік, мәдениет, ғылым және технологиялар, туризм және денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Қазақстандық дипломат халқы мұсылман елдердің мәселелеріне ИЫҰ белсенді қатысуы тиіс деген пайымын білдірді. Сондай-ақ ғылым мен технология саласындағы 15 жетекші мұсылман елін біріктіретін «ИЫҰ-15» тобын құру жөніндегі қазақстандық бастаманың өзектілігін және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының рөлінің өскенін атап өтті.