Оқиға • 24 Қыркүйек, 2022

Павлодарда жоғалған бала табылды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда қызметтік ит жоғалған баланы тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Павлодарда жоғалған бала табылды

24 қыркүйек сағат 17:31-де Павлодар қаласының «102» операторының пультіне Бөкейхан көшесіндегі 265-үйдің ауласында сөйлемейтін 4 жасар баланың жоғалғаны туралы қоңырау түскен.

«Аталған мекен жайға дереу полиция қызметкерлері, сондай-ақ инспектор-кинолог Талғат Әубәкіров өзінің Ника атты қызметтік-іздестіру итімен жіберілді. Бұл факті бойынша жеке құрам, барлық автопатрульдер мен жаяу нарядтар хабардар болды. Сонымен қатар көшедегі бейнебақылау камералары қаралды. Қызметтік итке із алу үшін баланың заттары берілді. Бірнеше минуттан кейін із алған Ника қызметкерлерді 1-ші қайық бекетіне алып келді, жоғалған қыз сол жердегі қайықтардың бірінен табылып, анасына тапсырылды»,  деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыздың өзі қайыққа тығылып, ойнап отырғаны белгілі болды. Анасының айтуынша, демалыс күндері болған соң немерелерін ата-әжесіне қонаққа әкелген. Төртеуі де үйдің ауласында ойнап жүрген. Сағат 16:45 шамасында әжесі немерелерін үйге шақырғанда 4 жасар немересінен басқаларының бәрі келген. Шамамен 40 минут ішінде туыстары қызды іздеп, таба алмаған соң полицияға жүгінген.