Әлем • 25 Қыркүйек, 2022

Угандада эбола вирусынан 11 адам қаза тапты

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Угандада эбола індетінен көз жұмғандар саны 11-ге, жұқтырғандар саны 25-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Угандада эбола вирусынан 11 адам қаза тапты

Африка елінің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, эбола дертіне шалдыққандар саны көбейіп барады.

Угандада 19 қыркүйек күні 24 жастағы судандық азаматтан Эбола вирусының сирек түрі табылған еді. Аталған індеттен соңғы рет 2012 жылы елде 17 адам қайтыс болған.

Эбола вирусын жұқтырған алғашқы адам 1976 жылы қазіргі Кондок аймағында тіркелген. Жұқтырғандар саны бойынша ең үлкен індет 2014-2016 жылдары Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде болды. Оның құрбандарының саны 11 мыңнан асты.