Таным • 25 Қыркүйек, 2022

Тынық мұхитында жаңа арал пайда болды

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тынық мұхитының оңтүстік-батысында жаңа арал пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz  NASA таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Тынық мұхитында жаңа арал пайда болды

Ол Жаңа Зеландия мен Тонганың ортасында орналасқан. Әзірге арал әлі де кішкентай, бірақ көлемі ұлғайып келеді. 

Арал қыркүйектің ортасында басталған Хоум жанартауының атқылауы нәтижесінде пайда болған. Алты күнде аралдың диаметрі 170 метрге жетсе, он бір күнде 200 метрден асқан. 

Әдетте жанартаулардан пайда болған аралдардың тағдыры ұзаққа бармайды. Бірнеше апта ішінде шайылып кетеді. Бірақ ерекше жағдайлар да болып жатады. Мәселен, олардың кейбіреулері бірнеше ондаған жылдар бойы сақталады. Тіпті өздерінің экожүйесін де қалыптастырып үлгереді.