Экология • 25 Қыркүйек, 2022

Маңғыстауда браконьерден 34 келі балық тәркіленді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қыркүйек сағат 16:13 шамасында «Қаламқас» мұнай-газ кен орнына қарасты аймағының қиыршық тас жолында «Газель» автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Маңғыстауда браконьерден 34 келі балық тәркіленді

Тексеру барысында көліктен заңсыз ауланған салмағы 34 келі 100 граммды құрайтын «Бекіре» тұқымдас балық, үрлемелі қайық, сондай-ақ балық аулауға арналған құрал тәркіленген.

«Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 37 жастағы азаматқа қатысты аталған дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді», деп жазылған хабарламада.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.