Оқиға • 25 Қыркүйек, 2022

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында жол апаты салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Сондай-ақ зардап шеккен 2 адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 24 қыркүйекте «Степногор – Заводской» жолында болған.

«Анықталғанындай, Заводской бағытында жүріп бара жатқан «Lada Kalina» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Nissan Teana» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан «Lada Kalina» көлігі өртеніп, жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Ал, «Nissan Teana» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Степногор қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», деді ведомстводан.

Департаменттің баспасөз қызметінің ақпаратынша, қазір бұл дерек ҚК-тің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.