Бокс • 25 Қыркүйек, 2022

Қанат Ислам шаршы алаңға оралады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO)  шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қанат Ислам шаршы алаңға оралады

Қанат Исламның бапкері Роджер Романың айтуынша, отандасмыз шаршы алаңға 8 қазан күні оралады. 

Бұл Ислам үшін карьерасындағы бірінші жеңілісінен кейінгі алғашқы айқасы болады. 

Еске салайық, ақпан айында ол Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында ұлыбританиялық Джимми Келлиден (26-2, 10 КО) төрешілер шығарған 95-95, 96-94, 97-93 есебімен жеңілген еді.