Пікір • 26 Қыркүйек, 2022

Бірігу – берекелі жол

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа әлемдік сын-қатерлер туындап отырған кезеңде біздің саяси жүйемізге жаңа серпіліс қажет екенін қалың жұртшылық жақсы түсініп отыр. Президенттің бұл шешімі ішкі және сырттағы халықаралық жағдайды саралай келе жасалған оң қадам деп қабылдадық.

Бірігу – берекелі жол

Қаңтар оқиғасынан соң ел билі­гінен біраз лауазымды тұлға­лар шет­тетілгеніне куә болдық. Дей тұр­ғанмен отандық эконо­ми­ка әлі де болсын бұрынғы олигархтардың қолында. Бұлар республикамыздың клипто­кратиялық емес, демократиялық тұрғыдан даму арқылы нарықтық экономикаға бет бұруына қарсы­лық танытуда. Қарап отырсақ, Қазақстаннан «Форбс» тізіміне енген миллиардерлердің бірде-біреуі өз бетімен жаңа технология тауып, болмаса жаңашыл идеямен, ғылым немесе өндіріске енгізген жаңалығымен көзге түскен жоқ. Олардың басым бөлігі еліміздің қазынасын, қазақтың жерасты байлығын пайдалану арқылы мол дәулетке ие болды. Кейін қаржы ұйымдарын құрып, халыққа қым­бат несиелер таратып, бай­лығын одан сайын еселеді. Міне, осы олигархтар мен топтар соңғы жылдарда қолға алынған тың бастамалардың іске асуына мүдделі болмағандай көрінеді.  

Қазіргі саяси жағдайды бағам­дасақ, 2024 жылы өтетін кезекті президенттік сайлауда әлгі топтар қаражаттарын пайдаланып медиаресурстар арқылы елдегі әлеуметтік-қоғамдық наразылықты күшейтуге тырысар еді. Төңіректегі мемлекеттерде болып жатқан кейбір құбылыстар алдағы жылдары Қазақстанға да әсер ету мүмкін. Міне, сондай кезеңде маңызды саяси шараны өткізу тым қиынға соғар еді. Сондықтан қазіргідей уақытта кезектен тыс президенттік сайлау жарияланып, оның жыл соңына дейін өткізілуін, халық мемлекет басына келетін тұлғаны бірден 7 жыл мерзімге сайлайтынын өз басым құптаймын.

Қазақстанның сайлау жүйесін өзге елдермен салыстыру әсте дұрыс емес. Себебі біз мүлде өзге геосаяси ортада, алпа­уыт мем­лекеттердің арасында ор­налас­қанбыз. Әділетті Қазақстанның азаматтары бөлінуді емес, бірігуді үйренуіміз керек.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

 

Еркеғали ЖАНҒАЗЫ,

«Қағандық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

ПАВЛОДАР