Пікір • 26 Қыркүйек, 2022

Жасампаздық жолындағы жаңа бағыт

187 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алда Президент және Парламент сайлаулары өтетіні туралы халыққа алдын ала айтқаны белгілі. 1 қыркүйектегі Жолдауында айтқан еді. Енді, міне, Президентіміз тиісті Жарлыққа қол қойып, сайлау осы жылдың 20 қарашасында өтетін болды.

Жасампаздық жолындағы жаңа бағыт

Екі ай ішінде қазақстандық­тардың ел болашағының жар­қын болуына аянбай еңбек ететін Президентін таңдауға мүм­кін­дігі бар. Мен де осы елдің азаматы ретінде бала­ларым­ның келешегі үшін өз таң­дауымды жасаймын. Конс­титуциялық реформаның іске асуының арқасында сайлау науқаны да барлық заң талаптарын сақтай отырып жүргізілетініне сенемін.

Соңғы үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттің саяси құрылымының жаңа үлгісін қалып­тастырды. Қарапайым тұр­ғын ретінде елдегі саяси жүйе­ні өзгертудің мән-маңы­зын жақсы қабылдаймын.

Президенттің халыққа Жол­дауында айтылған Ұлттық қор­дың жыл сайынғы инвести­циялық табысының 50 пайы­зын бала­лардың арнаулы жинақ­тау­шы есепшотына аударуды ұсы­нуы да ел арасында қызу қолдау тапты. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Ең­бек­пен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналасты­ру, жастардың кәсіпкерлік бас­тама­ларына қолдау көрсетуді жалғастыру да күн тәртібінен түс­пейтін мәселелер. Осы әлеу­мет­тік маңызы зор мәселелер ше­шімін тапса, елдегі саяси жү­йені өзгертудің мән-маңызын оң бағытта екенін аңғартары анық.

Бір реттік жеті жылдық мер­зімнің мәнісі неде? Мемлекет басшысы бүкіл саяси жүйені өзгертуді өзінен бастап отыр. Соған байланысты мемлекеттік құрылымдағы реформалар жаңа ережелер бойынша жүргізі­ле­ді. Аталған өзгеріс Әділетті Қазақстанның болашағына жол ашар құқықтық норма. Бұл норма ел тізгінін ұстар жаңа саясаткерлер мен жаңа саяси лидерлердің, сондай-ақ беті ашық, жүзі жарық, ары мен алақаны таза, елмен етене араласа жұмыс істейтін, халықты тыңдататын, өзі де тыңдай білетін жаңа буынның келуіне мүмкіндік береді. Құқықтық демократияның бұл үлгісі жаңа саяси тұлғалардың жоғары лауазымды билікке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Бұл сайлау – қабылданған саяси реформаларды іс жүзінде жүзеге асыру болып саналады. Сайлау науқаны ел экономикасын қарқынды дамытуды, халық­тың әл-ауқатын арттыру­ды көз­дейтін міндеттерді жүзе­ге асыруға мүмкіндік береді.

Демократияның жарқын үлгісі болатын саяси науқан тек оң өзгерістер мен жаңа бастамаларға себеп болады деген сенімдемін.

 

Нүркен АРАЛБЕКОВ,

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы Отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы