Дүниежүзінің 24 құрамасы бақ сынап жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық волейболшылар «С» тобында АҚШ, Сербия, Германия, Болгария және Канада өкілдерімен сынға түсіп жатыр. Жерлестеріміз бірінші турда былтырғы Токио Олимпиадасында топ жарған АҚШ құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық қыздар алғашқы кезеңде қарсыластарына 16:25 есебімен жол берсе, кейінгі екі сетте 13:25 және 12:25 есебімен ұтылып қалды. Жаһандық додаға осымен бесінші мәрте қатысып жатқан Қазақстан құрамасы кейінгі кездесуін бүгін Германиямен өткізеді. Әлем біріншілігі 15 қазан күні мәресіне жетеді.
Бұл күндері Нидерланд пен Польшада волейболдан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы АҚШ қыздарымен кездесіп, жеңіліп қалды.
Ескек есуден отандасымыз «Е» тобының финалына шықты
Спорт • Бүгін, 14:35
Атырауда экстремизмді насихаттаған жасөспірім ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:32
Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады
Қаржы • Бүгін, 13:12
Мемлекет басшысы Энергетика министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 12:58
ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 12:48