Оқиға • 26 Қыркүйек, 2022

Ресейдегі әскери комиссариатта атыс болды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иркутск облысы Усть-Илимск қаласының әскери комиссариатындағы атыс салдарынан әскери комиссар жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейдегі әскери комиссариатта атыс болды

Қару қолданған 25 жастағы азамат ұсталды. Ол Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 317-бабы (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу) және 222 бабы (қаруды, атыс қаруының негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау, беру немесе алып жүру) бойынша жазаланады. 

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылған. Күдіктіден жауап алынып, қылмыстың себептері анықталуда.