Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2022

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады

Жандос Өмірәлиев отандық ақпараттық кеңістікте және әлеуметтік медиада түрлі тақырыптар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кеткенін айтты.

Оның айтуынша, желідегі кейбір блогерлердің арандатушылық мәлімдемелері пайдаланушылардың ұлттық араздықты тудыратын белгілері бар пікірлерін жариялауға негіз болады.

«Нақты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал тұлғаны ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жалған хабарламалар тарады. Мұндай жалған ақпаратты орналастыратын блогерлер қасақана, өз мүдделері үшін және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін әрекет етеді. Олардың мақсаты - жеке байыту және қаражатты бопсалау арқылы материалдық пайда алу. Ұлттық араздықты қоздыруға, қорқытуға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады», деп қосты Бас прокурордың орынбасары.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ел азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын заңнаманы бұлжытпай сақтауға және жоғарыда келтірілген кез келген құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге, арандатушылыққа бой бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.