Сауда-саттық барысында Ресей рублінің орташа бағамы 8,23 теңгеге (+0,09) дейін өссе, Қытай юанінің орташа бағамы төмендеп, 66,61 теңгені (-1,04) құрады.
Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 467,91 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде америкалық долларды 479-484 теңгеден, еуроны - 462-469 теңгеден, рубльді - 7,4-7,7 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар 26 қыркүйектегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да аздап төмендеді.
Мәселен, Brent сұрыпты мұнай фьючерстерінің құны желтоқсан айында 5,03%-ға, барреліне 85,05 долларға дейін төмендеді.
WTI маркалы мұнай фьючерстері қараша айында 5,69%-ға, барреліне 78,74 долларға дейін төмендеді.