Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2022

Президенттің тапсырмасымен Мұхтар Тілеуберді Жапонияға барды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін Токиоға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің тапсырмасымен Мұхтар Тілеуберді Жапонияға барды

Мұхтар Тілеуберді Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимас Хаяшимен келіссөздер өткізді. Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, С.Абэның еліміздің жақын досы болғанын және екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Жапония кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне қол жеткізгенін және биыл дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Министрлер екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымды мәселелерін, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі егжей-тегжейлі қаралды.