Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2022

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында жаңа әуе рейстері ашылады

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан тарапы Сауд Арабиясының азаматтық авиация билігі басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында жаңа әуе рейстері ашылады

Осыған орай биылғы 29 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өтетін ICAO-ға қарасты Азаматтық авиация ұйымы Халықаралық Ассамблеясының 41-сессиясы аясында екі мемлекет арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп жоспарлануда. Оның шеңберінде авиакомпаниялар жолаушылар тасымалын аптасына 4-тен 8-ге дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл – Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаевтың Қажылық және умра министрі Тауфик бен Фаузан бин Мухаммад Аль-Рабиа бастаған Сауд Арабиясының делегациясымен кездесуінде айтылды.

Тауфик Фаузан Аль-Рабиа министрге жан-жақты қолдауы үшін алғысын білдіріп, елдер арасындағы тікелей рейстердің ашылуы өзара қарым-қатынасты нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ ол әуе тасымалын орындауға саударабиялық авиакомпаниялар да мүдделі екендігін жеткізді.

«Сіздің бастамаңызбен ұсынылған мемлекеттер арасындағы әуе тасымалын одан әрмен арттыру мен ұшу географиясын кеңейту бойынша екі елдің әуе билігі өкілдерінің келіссөздері жемісті нәтижесін беруде. Жақын арада тікелей әуе қатынастары қайта жанданатын болады»,  деді Сауд Арабиясының  Қажылық және умра министрі.