Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2022

Тарбағатайда сирек кездесетін мысық кадрға ілінді

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының «Тарбағатай» ұлттық паркінде сабаншы мысық кадрға ілінді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram парақшасында сирек кездесетін жыртқыштың суреттері пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарбағатайда сирек кездесетін мысық кадрға ілінді

Манул немесе сабаншы мысық - Қазақстанда сирек кездесетін жыртқыш әрі жасырын аң. Сабаншылар негізінен шөл далада тіршілік етеді. Інін жартас арасына салады, кейде ірі кеміргіштердің індерін де мекендейді.

«Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды», делінген комитет хабарламасында.

Айта кетсек, 1976 жылдан бастап Қазақстанда бұл жануарларды аулауға тыйым салынды.