Қоғам • 27 Қыркүйек, 2022

Жұмысынан айырылған 71,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмысынан айырылған 71,4 мың адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмысынан айырылған 71,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді

Биыл 63,7 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40% - на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жұмыстан босатылған қызметкер тиісті төлем алуы үшін келесі шарттарды орындауы қажет:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
  • Онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу қажет;
  • Бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • Егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).

Ведомство өкілдері аталған қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы, яғни enbek.kz сайты арқылы да алуға болатынын еске салды.

«Азамат жұмыссыз ретінде тіркелген соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады», делінген хабарламада.