Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2022

ЕАЭО елдері мен Иран арасында еркін сауда аймағы құрылады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Дәурен Әділбековтың төрағалығымен Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕАЭО елдері мен Иран арасында еркін сауда аймағы құрылады

Жиын барысында сенаторлар «2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасының негізгі мақсаты - Келісімнің қолданылу мерзімін 2025 жылғы 27 қазанға дейін ұзарту және тараптар арасындағы сауда артықшылықтары тәртібін бұзуға жол бермеу.

Келісім ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы тауарлар саудасын еркінсітуге және оңайлатуға бағытталған. Заң жобасы осылайша тараптар арасындағы экономикалық іс-қимыл мен өзара сауданы қолдауға бағытталған.

Сондай-ақ Уақытша келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту сауданың бажсыз тәртібін сақтауға мүмкіндік беретінін және отандық тауарлардың Иран нарығына шығуы үшін қолайлы жағдай туғызатынын атап өткен жөн.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.