Ресей рублінің орташа бағамы 8,22 теңгеге дейін төмендеді.
Қытай юанінің орташа бағамы көтеріліп, 67,83 теңгені (+0,21) құрады.
Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 460,38 теңгеге белгілеген.
Айырбас пункттерінде америкалық долларды 480-484 теңгеден, еуроны 457-465 теңгеден, рубльді 7,35-7,65 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар 27 қыркүйектегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да біршама өсті.
Мәселен, Brent мұнайына арналған қараша фьючерстерінің құны 0,93%-ға көтеріліп, бір баррель үшін 84,84 долларды құрады.
WTI мұнай фьючерстерінің бағасы қараша айында 1,06%-ға, барреліне 77,52 долларға дейін өсті.