Қоғам • 27 Қыркүйек, 2022

Қытайдан елге заңсыз автокөлік бөлшектерін кіргізбек болғандар ұсталды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдан Қазақстанға салмағы 50 тоннадан асатын автокөлік бөлшектерін заңсыз кіргізбек болғандар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК-ға сілтеме жасап.

Қытайдан елге заңсыз автокөлік бөлшектерін кіргізбек болғандар ұсталды

ҰҚК хабарлағандай, 2022 жылдың 27 қыркүйегінде Шекара қызметі «Алтынкөл» өткізу бекетінде жалпы салмағы 51 тонна 826 келі болатын декларацияланбаған жүктерді (автокөлік бөлшектері) тасымалдау әрекетін тоқтатты.

«Тауардың алдын ала сомасы 50 миллион теңгеден асады», делінген ведомствода.