Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2022

Жол жөнделсе, іске сеп

381 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биыл Алматы облысында үш бағыттағы жол­дың құрылысы толық аяқ­­талып, пайдалануға бе­рі­леді. Атап айтқанда, Күрті –Бурылбайтал, Күр­ті – Қонаев және Ша­­мал­ған стансасының ай­нал­ма жолы ел игілігіне жарайды.

Жол жөнделсе, іске сеп

Бүгінде Күрті–Бурылбайтал ара­лығындағы 143 шақырым жол­­дың құрылыс жұмыстары аяқ­­талуға жақын қалған. Толық аяқталуы жыл соңына дейін жал­ғасқанымен, қазірдің өзін­де көлік қозғалысын іске қосу­ға мүмкіндік туып отыр. Ал бұдан бөлек, Күрті ауылы мен Қонаев қаласының арасын жал­ғай­тын 67 шақырым жолға да күрделі жөндеу жасалуда. Жақында бұл бағыттағы күре жолдың бір бағыттағы қоз­ғалысы іске қосылмақ. Сон­дай-ақ қазір ұзындығы 6 ша­­қы­­рымға созылып жатқан Ша­мал­ған стансасының айналма жолындағы құрылыс-мон­таждау жұмысы тиянақ­та­­луда. Алматы қаласының ма­­ңындағы айналма жолдың қыз­метін ат­қа­ратын торап мега­по­листегі көлік ағынын азайтып, облыс халқының қалаға қаты­науын да жеңілдетеді деген үміт бар.

Жалпы, биыл өңірдегі жол жөндеу жұмыстарын тия­нақты жүргізгендер қатарында Жамбыл ауданын атау­ға болады. Соның нәтижесінде, аумақ­тағы автомобиль жол­да­рының жақсы және қанағат­танарлық жағдайдағы үлесі 58,3 пайызға жетіп отыр. Негі­зі­нен аудан аума­ғында 24 ауыл­дық округ, 61 елді мекен бар. Өңір бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1919,2 ша­қырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзын­дығы – 331 км, облыстық ма­ңызы бар – 594,3 км, аудан­дық маңызы бар – 79,0 км және ауылішілік автомобиль жол­­дарының ұзындығы 914,9 ша­қырымды қамтиды. Биыл аудандағы елді мекендердің жол­дарын жөндеуге және кү­тіп ұстауға 1 023 млн теңге қар­жы бөлінген. Осы қаражатқа 15 елді мекеннің ұзындығы 56,3 шақырым құрайтын 47 кө­шенің автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Құтты қаржы діт­теген жеріне жетіп, жүйелі түр­де игерілуде. Оның бір дәлелі, биыл Ұзынағаш ауылындағы 5 көше мен Сарыбай би ауы­лы­­ның 2 көшесі, Қарақыстақ ауы­лының 1 көшесі, Қазыбек  би ауылының ұзындығы

5250 м құрайтын 4 көшесі, Қа­сым­бек ауылының үзындығы 4950 м құ­райтын 5 көшесі, Көк­дала ауылының 3 көшесі толы­ғымен жөндеуден өтті.

– Биыл аудандағы Актерек ауылының ұзындығы 4 420 м құрайтын Есдәулет, Қараш батыр, Рыскелді, Баймен сынды 4 көшесіне, сондай-ақ Шиен ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, қазірдің өзінде ол үдеден шықтық. Ал­дағы таңда қажетті қаражат бөлінген жағдайда Мәтібұлақ ауылының 2 көшесі, Дегерес ауылының 3 көшесі, Үмбетәлі ауылының 2 көшесі, Қарғалы ауылының 4 көшесі, Бозой ауылының 3 көшесі, Жамбыл ауылының 4 көшесі, Қараарша ауылының 1 көшесі, Бесмойнақ ауылының 1 көшесі, Ұзынағаш ауылының 6 көшесі жөндеумен қамтылады. Дегенмен бөлінген қаражат жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты аталған нысандар бойынша жұмыстарын аяқ­­­т­ау мақсатында Алматы об­­­лы­­сының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бас­­­­­қар­масына 1 167,6 млн тең­геге бюд­жетке өтінім беріл­ген. Жал­­­пы, жыл­дың соңына дейін аудан бойынша жақсы және қа­на­ғаттанарлық жол үлесі қа­жетті қаржы бөлін­ген жағ­дайда 64,4 пайыз болады деп күтілуде, – дейді Жамбыл ауда­нының әкімі Нұрлан Ертас.

 

Алматы облысы