Бұл орайда Президентіміз еліміздегі елеулі өзгерістер туралы, тың реформалар мен мемлекетіміздің идеологиялық бағыттары туралы нақты әрі бүкпесіз ойларын жеткізді.
Осындай төңірегіміз түгел шытынап тұрғанда шын мәнінде еліміз үшін ең маңыздысы – береке-бірлігіміз. Бұл – қазіргі сын-қатерлерге төтеп бере алатын жалғыз құндылығымыз.
«Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңызды. Мемлекеттердің территориялық тұтастығы міндетті түрде сақталуы керек. Бұл – негізгі қағидат. Мен мұны халықаралық аренада үнемі ашық және анық айтып жүрмін. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымына барып, ең биік мінберден бұл туралы тағы да мәлімдедім. Мұның бәрі бекер емес. Айналамызда ауқымды соғыс болып жатыр. Біз осыны ескере отырып, ең алдымен, еліміздің қауіпсіздігін ойлауымыз керек. Шекарамыз бүтін болса, сырттан шабуыл жасалмаса, төрт құбыламыз түгел болады. Бұл – мемлекетіміз үшін, мен үшін аса маңызды міндет әрі басты мақсат», деді Президент.
Мемлекет басшысы сонымен қатар елдегі реформаларға да кеңінен тоқталды. Осы орайда ел Конституциясына енген өзгерістер туралы, оның ішінде 7 жылдық бір ғана мерзімге сайлауға түсу құқығы туралы да айтты.
Иә, бұл сапардың саяси тұрғыдан бөлек рухани өлшемі де бір төбе. Киелі топыраққа барып, медет қылу – жақсылықтың, иісі қазақылықтың айқын белгісі деп білемін. Мемлекетіміз үлкен өзгерістің алдында тұр. Бұл орайда біз реформалардың бір сағаттық не болмаса бір күндік дүние емес екендігін ескеруіміз керек.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Нариман ТӨРЕҒАЛИҰЛЫ,
Сенат депутаты