Қоғам • 28 Қыркүйек, 2022

Биржа порталындағы жаңа бөлім

121 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Электрондық еңбек биржасының порталында Қазақстанда жаңар­тылатын энергия көздерін дамыту және осы са­ла­дағы жұмыс перспективалары туралы ақпарат беретін жаңа бөлім пайда болды. Алдағы уақытта бөлімде «жасыл экономика» секторына ла­йықты бос жұмыс орындары мен түйін­д­еме­лерді орналастыру жоспарлануда.

Биржа порталындағы жаңа бөлім

Жаңартылатын энергия көз­дері секторын дамыту, сон­­дай-ақ осы бағытта әйел­дерге тең жағ­дайлар мен мүм­кіндіктер жасау үшін Еур­опалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен Қазақ­­станда тиісті бағдарлама іске қосылды. Бұл көптеген жоба мен іс-шараны жү­зеге асыруды қамтиды. Осылайша, жас мамандарға тәлімгерлік жү­­йесі енгізіліп, алынған академиялық білімдерін ма­ман қыз­меткерлердің жетек­шілігімен ЖЭК жұмыс істеп тұрған нысандарында қолда­нуға мүмкіндіктер ашылды, халық­аралық тәжірибе не­гі­зінде жастарға кәсіптік бағдар беру жүйесі енгізілуде.

«Біз жұртшылыққа Элек­трондық еңбек биржасында жаңартылатын энергия сек­торындағы мүмкіндіктер туралы арнайы бетті ұсынуға қуа­ныштымыз. Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласында атап өтілгендей, алдағы жылдарда Қазақстанға осы саланың мамандары көбірек қажет болады. Елде жаңартылатын энер­гия көздеріне арналған құ­­рамдас бөліктерді жобалау, өн­діру, сондай-ақ оларды салу, тех­никалық қызмет көр­сету және басқарумен бай­ланысты кәсіптер дамитын бо­лады. Са­ланың дамуы тұ­рақ­ты және инклюзивті жолмен жүруі керек, оны біз ұсы­нылған бет арқылы алға жыл­жытуға тырыс­тық», деді «Еңбек ресурста­рын дамыту орта­лығы» АҚ пре­зиденті Дәулет Арғандықов.

ЖЭК секторында жұмысқа тартылуы мүмкін жастарды қам­туды кеңейту, оларға ман­­саптық келешегін айқын көр­сету, жұмыс беруші ма­ман­дарға қызығушылық танытатын дағдылар туралы хабардар ету мақсатында ЕЭБ бойынша арнайы бөлім құрылды. Ол Еуропалық қайта құру және даму банкі бағдарламасының қолдауымен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен Ernst & Young компаниялар тобының бірлескен жұмысы аясында, сондай-ақ Жасыл кли­маттық қормен бірлесіп жүзеге асырылды.