20 Мамыр, 2014

Қазақстан-Қытай: АЙМАҚТАҒЫ СЕНІМДІ СЕРІКТЕС ЕЛДЕР

260 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қойылды 01-9.jpg-19-05

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары басталды.

Іргелес көршіміз әрі сыртқы саудада ай­рық­ша басымдыққа ие стра­тегиялық әріптесіміз Қытай Халық Республикасы басшылығы қа­зақстандық делегацияны әдеттегідей жылы шыраймен қарсы алды. Дәстүр бой­ын­ша екі елдің әнұраны орындалып, сән-салтанат жоралғысы жасалды. Одан соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесіп, ке­ліссөз жүргізді. Елдер басшы­лары сауда-экономика, қар­жы-инвестиция, көлік тран­зиті және ауыл ша­руа­шы­лығы салаларындағы екіжақ­ты ынтымақтастықтың кең ау­қымды мәселелерін тал­қы­лады. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар аспектілерін атап өтті, халық­ара­лық күн тәртібіндегі не­гізгі тақы­рыптар бойынша пікір алмасты. Қа­зақ­стан Пре­зиденті өз сөзінде Қы­тайға бүгінгі сапарының АӨСШК ІV Саммитінің өтуімен тұс­па-тұс ке­ліп отырғанын атап өтті. – Біз Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске сіздің елдің төрағалық етуінен үлкен үміт күтеміз және Кеңестің ықпалды халықаралық ұйымға айналатынына сенім білдіреміз, – деді Нұрсұлтан На­зарбаев. Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан-Қытай өзара іс-қимылының негізі экономикалық ынты­мақтастық екеніне назар аударды. Елбасы 2016 жылға қарай өзара тауар ай­на­лы­мы­ның деңгейін 40 миллиард дол­ларға жеткізу жоспарын еске салды. – Сіз Астанада 2013 жылғы қыр­­күйекте Жібек жолының эко­­но­микалық белдеуін қалып­тастыру бастамасын көтер­діңіз. Қа­зақстан экономика, сауда, көлік, инвестиция, қаржы жә­не мәдениет сияқты салаларды қамтитын бұл ауқымды жобаны жүзеге асыру жолдарын қарас­тыруға белсене атсалысуға әзір. Осы бастаманың жүзеге асырылуы бүкіл өңіріміздің дамуында маңызды рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті. Өз кезегінде Си Цзиньпин екіжақты ынтымақтастықтың дең­гейі жоғары екенін атап өтіп, бұдан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді. Сонымен қатар, бейбітшілікті жақтаушы ұйымдар мен жекелеген тұлғалар тарапынан Нұр­сұлтан Назарбаевқа Жібек жолы рухын биіктеткені, өза­ра сенімді, достықты, ынты­мақ­тастықты нығайтқаны, әлем елдерімен бірге өсіп-өркендеуге, татулыққа және ортақ дамуға ықпал еткені үшін «Жібек жолы әлемі» сыйлығы тапсырылды. Келіссөздер нәтижесінде 5 екіжақты құжатқа қол қойылды. Атап айтсақ, Қазақстан Пре­зи­денті Н.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасының Төра­ғасы Си Цзиньпинмен келіс­­сөздерінің қорытындысы бой­ынша екі ел арасындағы Стра­­те­гиялық әріптестіктің барлық сала­ларын қамтитын және тарап­тардың келешектегі перспек­тивалық бағыттарын айқын­дайтын Бірлескен дек­ларацияға қол қойылды. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пен «CITIC» корпорация­сы ара­сында өзара түсіністік пен ынты­мақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл құжат мұнай-газ және тау-кен секторында өза­ра іс-қимылды дамытуды қарас­тырады. 02-6.jpg-19-05 03-4.jpg-19-05 Сонымен қатар, Қытайдың ЭКСИМ банкімен «Петро Казахстан ойл продактс» ЖШС жобасын қаржыландыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Аталмыш құжат Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта құрылымдауға 1 млрд. доллар қаражат бөлуді көздейді. Бұдан бөлек, Қазақстан Даму банкі мен ҚХР Мемлекеттік даму банкі арасында жалпы сомасы 500 млн. долларды құрайтын несие желісі туралы Бас келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пен «CNPC» корпорациясы арасында Алматы облысында үлкен диаметрлі (300-1600 мм) мұнай-газ құбырын шығаратын зауыт салу туралы негіздемелік келісім жасалды. Аталған жоба құны 150 млн. долларға бағаланып отыр. Қол қойылған құжаттар жыл санап нығайып келе жат­қан Қазақстан мен Қытай арасын­дағы сауда-экономикалық бай­ланыстарға одан әрі серпін бере түсері сөзсіз. Қазіргі күннің өзінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ықпалдастық белсенді. Соның арқасында елі­мізге Қытайдан құйылған ин­вестиция көлемі 20 млрд. доллардан асқан, оның 5,68 млрд. АҚШ доллары – тікелей ин­вес­тиция. Жалпы, бірлескен жұ­мыс нәтижесінде 2013 жылы екі­жақты сауда көлемі 22,5 млрд. долларды құрап, оның ішінде Қазақстан экспорты – 14,3 млрд. доллар, ал импорт 8,1 млрд. доллар болды. Қазақстан мен Қытай ара­сындағы екіжақты сауда-эконо­микалық ынтымақтастықты дамы­тудың аса маңызды тұсы 2016 жылға қарай өзара тауар айналымын 40 млрд. АҚШ долларына жеткізу болып отыр. Ерекше айта кету керек, кеше мемлекеттік сапар барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Жібек жолы бей­біт­шілік сыйлығы берілді. Сый­лық Н.Назарбаевқа Қы­тай­дың бейбітшілікті жақ­тау­шы ұйымдар мен жекелеген тұлғалар тарапынан оның Жі­бек жолы рухын биік­тет­кені, өзара сенімді, достықты, ынтымақтастықты ны­ғайт­қаны, әлем елдерімен бірге өсіп-өр­кен­деуге, татулыққа және ортақ дамуға ықпал еткені үшін тапсырылды. «Сіздің бейбітшілік ісін қамтамасыз етуге және оның өркендеуіне қосқан үлесіңізге біздің алғысымыздың белгісі ретінде Сізге «Жібек жолы әлемі» бейбітшілік сыйлығын тапсырамыз. Сіз – бұл сыйлық беріліп отырған алғашқы адамсыз», деді Қытай өкілі Қытай Ха­лық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қа­ты­суымен Мемлекет басшысын марапаттау салтанатының барысында. Қазақстан Президенті, сон­дай-ақ, кеше Қытай Халық Рес­публикасының Төрағасымен бірге Ляньюньган теңіз пор­тын­дағы логистикалық терминал құрылысының басталу рәсіміне телекөпір режімінде қатысты. Мемлекет басшылары қазақ-қытай логистикалық терминалының бірінші кезегінің ашылуын бастап берді. Лянью­ньган порты – дамыған көлік инфрақұрылымы бар, әлемнің 25 ірі портының бірі саналады. Қазақстан-Қытай терминалының құрылысына бөлінген жүк тиеу аймағы – 21,6 гектарға же­теді. Терминал құрылысы Оң­түстік-Шығыс Азия елдеріне, Австралияға және Канадаға жіберілетін, сондай-ақ, осы елдерден келетін қазақстандық транзиттік жүктерді сұрыптау және ауыстырып тиеу мүм­кін­дігін қамтамасыз етеді. Соны­мен қатар, экспорттық-импорт­тық және транзиттік қаты­нас­тардағы көліктің барлық тү­рін­дегі тасымалдаушыларға то­лық­қанды қызмет көрсететін болады. Елбасының Қытайдың Шан­хай қаласына мемлекеттік сапары әлі екі күнге жалғасады. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев бір­қатар Қытай компаниялары басшыларымен кездесу өт­кізеді деп жоспарланған. Ал ертең Мемлекет басшысы Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес­тің IV Саммитіне қатысады, онда тұрақтылық пен өңірлік қауіп­сіздіктің өзекті мәселелері тал­қыланады деп күтілуде. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан» – Шанхайдан (Қытай). Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.