Президент • 28 Қыркүйек, 2022

Президент әкімдерге инфрақұрылым мәселелерін шешуді тапсырды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында әкімдерге инфрақұрылым жөніндегі мәселелерді шешу бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент әкімдерге инфрақұрылым мәселелерін шешуді тапсырды

«Әкімдер жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым жөніндегі барлық мәселені шешуі қажет. Мұнда еш ақталудың реті жоқ. Сондықтан аталған жұмыстың орындалуына әкімдерді тікелей жауапты етіп бекіту жөніндегі Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Құрылысы 2023 жылы басталуға тиіс мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселе бір ай ішінде шешілуге тиіс. Қалғандары жыл соңына дейін шешімін табуы керек», деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы әкімдер бюрократияны азайту, нақты мәселелердің шешілуін созбалаңға салу проблемасын реттеуі керек екенін нақтылады.

«Үкіметтің Samruk-Kazyna Construction-ды бірыңғай тапсырыс беруші ретінде айқындау туралы ұсынысын қолдауға болады деп есептеймін. Бұл бүкіл процесті бір жерде жоспарлауға, салуға және басқаруға мүмкіндік береді. Мектептер бойынша талап ерекше болады», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.