Пікір • 29 Қыркүйек, 2022

Жауапкершілік жүктеген Жолдау

57 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында білім беру жүйесіне ерекше назар аударды. Мұның ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратынын да атап өтті. Әсіресе мектепке дейінгі тәрбие жұмысына назар аударғаны қуантты.

Шынында да, Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен­дей, мек­тепке дейінгі тәрбие жұ­мысы басты назар­да болуы керек. «Алайда бізде екіден ал­ты жасқа дейінгі бала­лар­дың жар­тысынан астамы ғана бала­­бақ­шаға барады. Мұндай олқы­лыққа жол беруге болмайды. Бала­лар­ды бала­бақшамен қам­­та­ма­сыз ету мәсе­ле­сін түп­­­кілік­ті шешу қажет. Оған қо­­са, тәрбиешілердің әлеу­­мет­­­­тік мәр­тебесін артты­рып, жал­ақы­­сын көбей­ту керек. Осы саладағы маман­дарға қойы­­латын нақты талаптар бекі­­­тілуге тиіс. Олардың жұ­­мыс жүк­те­месін де бір­тін­деп азайт­қан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар бі­лім беру са­ла­сы­ның дамуына зор үлес қоса­ды. Сон­дықтан бала­бақ­шаны емес, тәр­бие­шіні ат­­тес­­таттау қажет», деді Президент.

Мемлекет басшысының айт­қан­дары көпшіліктің кө­ке­йінде жүрген дү­ние еді. Сон­дықтан мұны біз, бала­бақ­ша тәр­бие­шілері жақсы қабыл­да­дық. Сон­дай-ақ Президент осы арқылы тәр­бие­шілерге жүк­телетін жауап­кер­шілік­тің қаншалықты зор екенін де аңғартты.

Жалпы, қазіргі заман ағымы тәрбиешілерден жан-жақтылықты талап етеді. Білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отырмаса, бәсеке­ге қабілеттілігі төмендейді. Рас, соң­ғы уақытта әлеуметтік желілер­ден балабақшаларда бала­ларды ұрып-соғу оқиға­ларын байқап қа­лып жүрміз. Қоғамдағы қызу тал­қы­­ла­натын тақырыптардың да бірі­­не айналып барады. Осындай ке­лең­сіздіктерді болдырмас үшін тәр­биешіге артылатын жауапкер­шілікті арттыру керек. Сондықтан тәр­бие­шіні аттестаттау – орынды қадам.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

 

Оқу-ағарту министрлігі келесі жылдан бастап Пре­зидент тапсыр­масы бойынша балабақша тәрбие­шілері­нің, мектептер мен колледж мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25 пайызға өсетінін хабарлады. Сондай-ақ балабақша тәрбиешілері толтыруға мін­дет­ті құжат­тардың саны азая­тыны туралы да айтыл­ды. Біздіңше, мұн­дай жаңа­шыл­дықтардың бәрі тәрбие­шілер­дің жұмысына оң әсер етеді.

Бұған дейін Жолдау секіл­ді іргелі стра­тегиялық құжат­тарда балабақшаға қатысты дүниелер жалпылама ғана айтылатын. Бұл жолы нақты тапсырмалар берілді. Сондықтан алдағы күннен үлкен үміт күтіп отырған жайымыз бар.

 

Шолпан РАХИМОВА,

№23 мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі

 

ЕКІБАСТҰЗ

Соңғы жаңалықтар

Аққан жұлдыз ізімен

Таным • Кеше

Сахнаға адалдық

Өнер • Кеше

Ұқсас жаңалықтар