Теннис • 29 Қыркүйек, 2022

Жерлестеріміз жеңіске жетті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері әлемнің әр қиырында тен­нис­шілердің халықаралық турнир­лері өтуде. Бақ сынаушылардың қа­та­рын­да Қазақстанның да ойыншылары бар.

Жерлестеріміз жеңіске жетті

Дмитрий Попко Буэнос-Айрестегі жарыс­тың алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. Тай-брейкке дейін жеткен бірінші сетте жерлесіміздің бағы жанса, екіншісінде Сан­тьяго Родригес Таверна біздің жігіттің тас-талқанын шығарды. Десек те шешуші тұста ширақ қимылдаған Попко жеңісті корт қо­жайынының уысынан жұлып әкетті – 7:6, 0:6. 7:5. Бұл бәсекенің жеңімпазын анықтау үшін 2 сағат 40 минут уақыт қажет болды. Тимофей Скатов Лиссабондағы турнирдің тұсаукесер кездесуінде испаниялық Ориоль Рока Ба­тальямен күш сынасты. Аса шиеленісті өт­кен ойын 2 сағат 52 минутқа созылып, отан­­­дасымыздың пайдасына шешілді – 7:6, 7:6.

Софияда АТР 250 додасының шымыл­дығы түрілді. Бастапқы бәсекеде Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы Филипп Освальд (Аустрия) пен Робин Ха­седен (Ни­дерланд) басым түсті – 6:3, 7:6 (7:5). Пар­мада чехиялық Джесика Ма­леч­ковамен жұп құрған Анна Данилина Эмили Эпплтон (Ұлы­­британия) мен Куинн Гли­сонды (АҚШ) ой­сырата ұтып, ширек фи­налға шықты – 6:1, 6:0.