Спорт • 29 Қыркүйек, 2022

Қазақстан – 4-себетте

928 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде қай команданың қай себетке түскені белгілі болды.

Қазақстан –  4-себетте

Қазақстан құрамасы – Грузия, Грекия, Түркия, Люксембург, Әзербайжан, Косово, Болгария, Фарер аралдары және Солтүстік Македониямен бірге 4-себетте. Өзге ко­ман­­­далар­дың жағдайлары мынадай: Ұлт­тар лига­сының себеті – Нидерланд, Хор­ватия, Испания, Италия. 1-себет – Дания, Португалия, Бельгия, Мажарстан, Швей­цария, Польша. 2-себет – Франция, Аустрия, Чехия, Англия, Уэльс, Израиль, Босния мен Герцеговина, Сербия, Шотландия, Фин­ляндия. 3-себет – Украина, Исландия, Норвегия, Словения, Ирландия, Албания, Чер­ногория, Румыния, Швеция, Армения. 5-себет – Словакия, Сол­түстік Ирландия, Кипр, Беларусь, Литва, Гибралтар, Эстония, Лат­вия, Молдова, Мальта. 6-себет – Андорра, Сан-Марино және Лихтенштейн.

«Еуро-2024» додасының жеребе тарту рәсімі 9 қазанда Германияның Майндегі Франкфурт қаласында өтеді. Ал жарыстың жалауы 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында желбірейді.