Дүниежүзілік банк Украинаны қолдау мақсатында 11 миллиард доллар бөлді. Бұл жөнінде РИА Новости хабар таратты.
«Біздің жобаларымыз бен сенімгерлік қорларымыз арқылы Киевке шамамен 11 миллиард доллар аударылды», деді Банк басшысы Дэвид Малпасс.
Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьер АҚШ Украинаға 11 миллиард долларға жаңа әскери көмек пакетін бөлгенін растады.