Айтулы шараға әлемдегі көшпенді халықтардың басым көпшілігі қатысып жатыр.
Түркияға аттанған Қазақстан құрамасы сапында 53 спортшы бар. Олар 5 спорт түрінен күш сынасады. Бүгін көкпар, көкбөрі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату спортшылары жарыс жолын бастайды.
Бірінші болып дәстүрлі садақ атужылар нысана көздеуде. Әлемнің 32 елінен келген 135 мерген өзара күш сынасады.
Айта кетсек, көкпар мен көкбөрінің финалдық бәсекелері 2 қазанға белгіленді.