Риддер қаласының қылмыстық полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Ұсталған адамның тұрғылықты жерін тінту барысында үйдің ауласынан өсімдіктің 67 бұтасы табылды. Бұл салмағы 7 мың 350 граммды құрайтын қарасора болып шықты.
35 жастағы үй иесі түсіндіргендей, ол есірткі заттарын жеке пайдалану үшін өсірген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.