Елорда • 29 Қыркүйек, 2022

Елордада Қарттар күні қалай атап өтіледі

99 рет көрсетілді

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай елордалық мәдениет, білім беру, спорт мекемелері аға ұрпаққа қамқорлық, құрмет көрсетуге бағытталған көптеген іс-шаралар, концерттер, қайырымдылық акцияларын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына слтеме жасап.

20-29 қыркүйек аралығында әлеуметтік желілерде балалар өздерінің ата-әжелерін құттықтайтын роликтермен челлендж өткізіледі. Осы апта ішінде аудандық әкімдіктер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себетін тасымалдайды. 29 қыркүйекте «Өндіріс» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қарттар күніне орай белсенді зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, үстел теннисінен жарыстар өтеді.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесі де шетте қалмайды. 29 қыркүйекте сағат 12:00-де №5 балалар кітапханасында «Қарттықты құрметтеу керек», атты балалар шоуы, 30 қыркүйекте сағат 15:00 – де №2 балалар кітапханасында «Күздің жасы әдемі» атты кездесу кеші ұйымдастырылады.

«30 қыркүйекте «Еріктілер мектебі» жобасы аясында «Қамқорлық мекенжайлары» акциясын «Астана жастары» КММ өткізеді. Бұл күні еріктілер жалғыз тұратын қарт астаналықтарға барып, оларға азық-түлік себеттерін табыстайды.

Мерекеге орай барлық мектептер мен балабақшаларда аға буынға ұқыпты қарау туралы сынып сағаттары мен ашық сабақтар өткізіледі», делінген қала әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақ балуаны ұлықталды

Қоғам • Бүгін, 14:36

6 желтоқсан - Прокуратура күні

Қазақстан • Бүгін, 13:00

СҚО-да 50 жылқы мұз астында қалды

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Ашықтық – маңызды ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:10

Баға бұлқынысы

Экономика • Бүгін, 08:09

Астықты өңірде ұн тапшы

Аймақтар • Бүгін, 08:07

Жөндеуші тапшы

Қоғам • Бүгін, 08:05

Бала ділмарлар байқауы

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Ұқсас жаңалықтар