Бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайды. Бағдарламаның негізгі шарттары: қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін; сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3 пайыз; қаржыландыру сомасы – 80 млн теңгеден 3 млрд теңгеге дейін; жоба бастамашысының жеке қатысуы – жоба құнының кемінде 15 пайызы.
«Өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарына лизинг және кредит беру құралдары арқылы қаржыландыру ұсынылады. Бұл ретте кредит сомасы лизинг сомасынан аспауға тиіс. Жобаларды қарау кезінде негізгі назар импортты алмастыруға және экспортқа бағдарлануға, яғни өнімдері ішкі нарықтың сұранысын жабатын және елдің экспорттық әлеуетін өсіруге мүмкіндік беретін кәсіпорындарды қолдауға бағытталады», делінген қор хабарламасында.
Өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске асыру өңдеуші өнеркәсіптің шағын және орта кәсіпорындарының негізгі құралдарын жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етеді.
Бағдарлама бойынша және қаржыландыру алуға өтінімдер жасау мәселелері бойынша толық ақпаратты «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-дан мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 79-63-15, 8 (7172) 79-63-11.