20 Мамыр, 2014

Мемлекеттік қызметкерлер дене дайындығын анықтады

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4Астанада Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында президенттік сынаманы тапсыруға арналған жарыстар басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

12

5Бұл сынның бірінші кезеңі 17-18 мамыр күндері өтсе, екіншісі 24-25 мамырда өтеді. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, оған 9 мемлекеттік органның және 5 агенттікке бағынышты кәсіпорын, мекемелердің 470-ке жуық қызметкері қатысуда.

6-7Президенттік сынама тапсыру ерікті түрде өткізіледі. Оның басты мақсаты халықтың бойында саламатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтардың дене дайындығын анықтау,-  дейді С.Құранбек.

89Осы сынның бірінші кезеңінде 60, 100, 500, 1000, 2000, 3000 метрге жүгіру, мен ұзындыққа секіруден жарыстар өтсе, екінші кезеңде пневматикалық винтовкадан ату, турникке тартылу мен жүзуден сайыстар өтеді.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.