«Соңғы жылдары Абай өңірінің экономикалық көрсеткіштері біршама жақсарды. Былтыр облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 750 миллиард теңгеге жуықтады. Жыл басынан бері аймаққа 197 миллиард теңге инвестиция тартылды. Жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажет», деді Президент.
Сондай-ақ ол бәсекеге қабілетті, ашық нарық қалыптастыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу аймақ басшылығының басты міндеті екенін айтты.