Білім • 30 Қыркүйек, 2022

Абай облысындағы ЖОО-ларға қосымша 500 грант бөлінеді

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Абай облысындағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысындағы ЖОО-ларға қосымша 500 грант бөлінеді

«Облыста қазіргі заманға қажетті, жоғары деңгейдегі, білікті мамандар даярлау үшін нақты шаралар қабылдануы керек. Осы орайда, Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажет», деді Президент.

Оның айтуынша, өңірге қажетті кадрларды дайындау үшін тиісті стандарт әзірлеген жөн.

«Жастарымыз сапалы білім алып, туған өлкесін дамытуға үлес қосуға тиіс. Сол себепті, облыстағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырамын», деді ол.